Алматыда коронавирусқа шалдыққан 40 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 282 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

5 желтоқсан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 66 адам коронавирус жұқтырған.

Барлық емделіп шыққандар – 5, келіп түскені – 12

«Инфекциялық стационарларда 282 адам бар (төсек-орынның жалпы саны - 1434), оның ішінде 8 бала емделіп жатыр», – деп нақтылады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 40 адам жатыр.

Ал 11 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 12 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 7 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 636 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 616 науқас. 20 адамда коронавирус белгілері жоқ.


Соңғы жаңалықтар