+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Алматыда қоронавирусқа қатысты ахуал тұрақталды – әкім

2020 жылғы 12 тамыз 21:30
Бөлісіңіз:
Алматыда қоронавирусқа қатысты ахуал тұрақталды – әкім

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – 5 шілдеде карантин шараларын күшейту нәтижесінде қалада эпидемиологиялық ахуал біршама тұрақталды. Бұл туралы Алматы телеарнасында өткен тікелей эфир барысында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сағынтаевтың айтуынша, № 4 және №7 қалалық ауруханалар бұрынғы жұмыс бағытына көшті.

Басқа нысандар өз жұмысына кезең-кезеңімен ауысады.

Оның айтуынша, күзде вирустың екінші толқыны басталған жағдайда барлық стационарлар КВИ госпиталіне ауыстыру жоспары жасалды.

«Күнінде 200 адам ауруханаға жатқызылған жағдайда біз КВИ госпитальдерін іске қоса бастаймыз. Бізде аурудың шарықтау шегінде 500 аса адамды жатқызған уақыт болды. Бұл денсаулық сақтау жүйесіне үлкен ауырлық келтіреді. Жоспарға сәйкес стационарлар 2-3 күн ішінде КВИ ауруханасы болып шығуға дайын болуы тиіс», - деді Сағынтаев.

Сонымен қатар, бірінші медициналық санитарлық көмек көрсететін емхана қызметкерлерінің де жұмысы күшейтіледі. Учаскелік дәрігерлер қауіп тобына кіретін адамдарды есепке алуы керек.

Сауалнама жауаптарына сәйкес КВИ ауырған науқастардың 55%-ы үйінде емделген, 31% - жекеменшік емханаларға жүгінген, 14% — тіркелген емханаларға қаралған.

«Соған сәйкес біз КВИ жұқтырған адам қалай емделеті туралы жаднама жасап жатырмыз. Амбулаториялық түрде емделетін пациенттерді дәрі дәрмекпен толық қамтимыз. Ол үшін 5 млрд теңгеге тұрақтандыру қоры жасалған», - деді қала әкімі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT