+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Алматыда коронавирус жұқтырғанына қарамастан кинотеатрға барған қыз айыппұл төлейді

2021 жылғы 16 маусым 17:53
Бөлісіңіз:
Алматыда коронавирус жұқтырғанына қарамастан кинотеатрға барған қыз айыппұл төлейді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда «қызыл» мәртебесі бар тұрғынға кинотеатрға барғаны үшін айыппұл салынды. Бұл туралы қалалық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғұбылов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстау облысында карантин шаралары күшейтілді Шығыс Қазақстанда карантиндік шектеулер күшейтілді Алматыда эпидахуал күрт нашарлады - Жандарбек Бекшин

«ПТР-сынамасы оң нәтиже көрсеткен Алматы қаласының тұрғыны 14 күндік карантин режимін бұзып, кинотеатрлардың біріне барған. Бірақ QR-кодты сканерлеген кезде қыздың Ashyq қосымшасы «қызыл» мәртебе көрсеткен. Осылайша, ол кинотеатрға кіре алмады»,- дейді Алматы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов.

Тұрғынға қатысты оқшаулау режимін бұзғаны үшін Түрксіб ауданы бойынша санитария дәрігерлері ҚР ӘҚБтК 425-бабы бойынша әкімшілік іс қозғады.

Баптың санкциясы 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды көздейді.

«ПТР-сынамасы оң нәтиже көрсеткен алматылықтарды 14 күндік карантин режимін сақтауға шақырамыз. Бұл тұрғындар арасында коронавирус инфекциясының таралуын азайтуға және «жасыл» аймақта тұрақты түрде қалуға мүмкіндік береді», - деді Сәдуақас Байғабылов.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT