Алматыда коронавирус жұқтырғандармен қарым-қатынаста болған 798 адам анықталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов карантин режімінің талаптарын нақтылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қала гарнизонынның жеке құрамы қызмет етудің күшейтілген деңгейіне көшті. Қазіргі таңда Департамент тарапыннан коронавирустық инфекцияның алдын алуға және оған тосқауыл қоюға бағытталған шаралар жасалуда.

Басқа да мемлекеттік органдармен біріге отырып, инфекция жұқтырған азаматтармен қарым-қатынаста болған тұлғаларды іздестіруде. Бүгінгі күні осындай 798 азамат анықталып, олар медициналық мекемелерге жеткізілді», - деді Қанат Таймерденов.

Оның айтуынша, қаладағы аса маңызды мемлекеттік нысандар мен мекемелер тәулік бойында күзетке алынған.

Қалалық Полиция департаментінің басшысы карантин режиміне қатысты жасалған шараларға тоқталды.

«Алматының шекарасынан автакөліктердің кіріп - шығуына шектеу қойылады, осыған байланысты қаланың барлық кіреберісіне және 10 магистральға 27 блок бекет қойылады, ол жерге күнделікті полиция қызметкерлері мен Қорғаныс министірлігінің сарбаздары жұмылдырылады.

Полиция департаментінде колл орталық құрылып, азаматтардың барлық сұрағына жедел жауап беріледі. Құрметті азаматтар сіздерден ІІО тарапынан жасалып жатқан шараларға түсіністікпен қарауын сұраймыз. Өйткені олар сіздің және жақындарыңыздың қауіпсіздігіне бағытталған», - деді Қанат Таймерденов.

Сонымен қатар, оның айтуынша, азаматтардың сұрақтарына жауап беру үшін 254 40 07 нөмірлі қауырт желі іске қосылды.

Айта кету керек, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында карантин режімі енгізіледі.


Соңғы жаңалықтар