+7 (701) 759 90 19
USD 413.12 EUR 452.86
RUB 5.82 CNY 57.92
Jańalyqtar

Алматыда коронавирус жұқтырғандардың жағдайы қалай

2020 жылғы 7 сәуір 12:30
Бөлісіңіз:
Алматыда коронавирус жұқтырғандардың жағдайы қалай

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда бүгін онлайн брифингіде қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев қаладағы эпидемиологиялық ахуал туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, бүгін Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырудың расталған 119 жағдайы тіркелді.

«Қазір жұқпалы аурулар стационарларында Covid-19-дан 99 пациент, оның ішінде төрт бала емделіп жатыр. Осы уақытқа дейін коронавирус инфекциясын жұқтырудың үш жаңа жағдайы анықталды. 1975 жылы туған ер адам және 1962 және 1964 жылы туған екі әйел байланыста болып жұқтырған. Ер адамның жай-күйі орташа ауыр деп бағаланды. Оны тексеріп-қарау кезінде пневмония диагнозы қойылды. Әйелдердің жай-күйі – қанағаттанарлық, ауру ағымының жеңіл түрі анықталды. Олармен байланыста болған барлық адамдар карантингіге орналастырылған», - деді басқарма басшысы Т.Әбілдаев.

Оның айтуынша, қазір 80 науқастың жай-күйі қанағаттанарлық болса, 2 ересек адамның жағдайы өте ауыр. Олар жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. 13 ересек адамның жай-күйі орта ауырлық деңгейінде, оның ішінде облыс тұрғыны бар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT