Алматыда коронавирус жұқтырғандардың саны екі есеге артты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырғандардың саны екі есеге артты. Бұл туралы аппараттық кеңес барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарт тілшісі.

Оның айтуынша, Алматыдағы эпидемиологиялық жағдай нашарлай түсуде. Қала сары аймақта. Халықтың апталық аурушаңдығы 2 есеге артты. Болжам бойынша, мегаполисте індеттің тағы бір толқыны басталды.

Сонымен қатар, қала әкімінің орынбасары жаңа жылдық мерекелер мен нақты оқиғаларға байланысты тұрғындар коронавирусқа тестілеуден 8-10 есе аз өткенін атап өтті.

Оның пайымдауынша, тестілеу көлемі ұлғайған кезде оң сынамаларды анықтау да артады, бұл эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына және қаланың матрицаның қызыл аймағына көшуіне әкеледі.

Аппараттық кеңес барысында атап өткендей, 6 қаңтарда толық геномдық секвенирлеу нәтижелері алынды: ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне жіберілген 96 үлгінің 8 сынамасынан омикрон штаммы табылды, оның ішінде 7 сынама Алматыдан жеткізілді.

Коронавирустың дельта штаммы әлі де белсенді айналымда. Ол сынамалардың 71%-да, дельта-плюс - 16%-да, басқа штаммдарда – 4,7%-да анықталды.

«Алматыда омикрон штаммының айналымын 20 жастан 39 жасқа дейінгі адамдар арасында жұқтырғандардың үлес салмағының 16,4%-ға (27,7%-дан 44,1%-ға дейін), сондай-ақ 15-19 жастағы жасөспірімдер арасында 1,1%-ға (4,2%-дан 5,3%-ға дейін) күрт өскенін көрсететін жас құрамына жүргізілген талдау растайды. Қалған контингенттер бойынша төмендеу тіркелген (60 және одан жоғары жастағы адамдар арасында – 8,6%-ға, 40-тан 59 жасқа дейінгі адамдар арасында – 2,5%-ға, 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 4,7%-ға және 1 жасқа дейінгі балалар арасында 0,3%-ға)», - деді Ержан Бабақұмаров.

Сонымен қатар, симптомсыз формалардың өткен жылдың желтоқсан айында 6%-дан 16%-ға дейін өсуі байқалды, бұл омикронға да тән және науқастарды уақтылы анықтау мен оқшаулауды қиындатуы мүмкін.

Ержан Бабақұмаровтың айтуынша, омикрон штаммы өте тез жұғады, сондай-ақ жастар үшін қауіпті.

Қала әкімінің орынбасары алматылықтарды омикронның таралуын төмендету үшін вакцина алуға шақырды.

Ержан Бабақұмаров қалада халықты коронавирусқа қарсы иммундау жалғасып жатқанын айтты. Бүгінгі таңда бірінші компонентпен 1 077 896 адам, екі компонентпен – 1 028 180 қала тұрғыны егілді. Ревакцинация 69 018 адамға жүргізілді.

Әлемнің жетекші ғалымдары мен сарапшыларының деректері бойынша, қолданыстағы вакциналармен ревакцинация омикрон штаммымен жұқтыру кезінде асқынған және өлім жағдайларын емдеуге жатқызудан 70%-ға қорғайды.

Бүгінгі күні Алматыда ұжымдық иммунитеттің деңгейі әлі де төмен (59,4%).


Соңғы жаңалықтар