+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны азайды

2021 жылғы 19 қазан 10:24
Бөлісіңіз:
Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны азайды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 1251 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Замбияда алғаш рет коронавирустың омикрон штамы анықталды «Омикрон» штамы Оңтүстік Африкада коронавирустың төртінші толқынын тудырды АҚШ-тың 10 штатында коронавирустың омикрон штаммы анықталды

18 қазан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 250 адам коронавирус жұқтырған.

Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 244, симптомсыз – 6 науқас тіркелді.

Барлық емделіп шыққандар – 235, келіп түскені – 123

«Инфекциялық стационарларда 1 251 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –5230), оның ішінде 28 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 124 адам жатыр.

Ал 22 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 68 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 23 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 2 780 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 2672 науқас. 108 адамда коронавирус белгілері жоқ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT