USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны азайды

2021 жылғы 11 қазан 10:42
Бөлісіңіз:
Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны азайды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 1565 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысында 672 науқас коронавирустан емделіп жатыр Алматыда коронавирус жұқтырған 257 мың адам ауруханада жатыр Бір күнде коронавирус пен пневмониядан 10 науқас қайтыс болды

10 қазан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 326 адам коронавирус жұқтырған.

Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 315, симптомсыз 11 науқас тіркелді.

Барлық емделіп шыққандар – 25, келіп түскені – 99.

«Инфекциялық стационарларда 1 565 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –3 179), оның ішінде 61 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 150 адам жатыр.

Ал 29 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 79 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 28 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 3 297 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 3 167 науқас. 130 адамда коронавирус белгілері жоқ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT