+7 (701) 759 90 19
USD 425.95 EUR 495.12
RUB 6 CNY 66.6
Jańalyqtar

Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны азайды

2021 жылғы 28 қыркүйек 11:06
Бөлісіңіз:
Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны азайды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 1 899 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда өткен тәулікте 1984 адам коронавирустан жазылды Қазақстанда өткен тәулікте 1844 адамнан коронавирус анықталды Алматыдан 623 км қашықтықта жер сілкінді

27 қыркүйек күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 413 адам коронавирус жұқтырған.

Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 385, симптомсыз – 28 науқас тіркелді.

Барлық емделіп шыққандар – 365, келіп түскені – 187

«Инфекциялық стационарларда 1 899 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –5230), оның ішінде 54 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 192 адам жатыр.

Ал 31 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 92 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 51 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 4 530 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 4 268 науқас. 164 адамда коронавирус белгілері жоқ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT