+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны азайды

2021 жылғы 14 маусым 10:48
Бөлісіңіз:
Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны азайды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 826 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Токио Олимпиадасында коронавирус жұқтырған адам саны 250-ге жуықтады Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның II компонентін 3 730 920 адам салдырды Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 14 адам қайтыс болды

13 маусым күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 96 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 74, симптомсыз –22 науқас тіркелді.

Барлық емделіп шығарылғандар – 6, келіп түскені – 37.

Инфекциялық стационарларда 826 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –1 730 ), оның ішінде 39 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 72 адам жатыр. Ал 8 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 26 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 23 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 1 075 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда 868 науқас. 207 адамда коронавирус белгілері жоқ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT