Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны артуда

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 3 788 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін таңертеңгі ақпарат бойынша 673 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Мұның ішінде 551-і симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен, 122 -і симптомсыз ауырған.

«Инфекциялық стационарларда 3 788 адам бар (төсек-орынның жалпы саны 6 060), оның ішінде 98 бала емделуде. 793 ересек адам ауыр хәлде жатыр, 2 995 науқас орташа ауыр жағдайда ем қабылдауда», – деп нақтылады қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 231 адам жатыр. Ал 27 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылып, инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 82 адам ем қабылдауды жалғастыруда.

Медицина-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадалары мен телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 6 147 пациент бар. Оның ішінде 5 288 адамда ауру белгілері бар, олар орташа ауыр жағдайда. 859 адамда ауру белгілері жоқ.


Соңғы жаңалықтар