+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Алматыда коронавирус жұқтырған жолаушы отырған ұшақ жанармай толтырды

2020 жылғы 25 қаңтар 17:02
Бөлісіңіз:
Алматыда коронавирус жұқтырған жолаушы отырған ұшақ жанармай толтырды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімдігі әуежайда коронавирустық инфекцияға жол бермеу бойынша қауіпсіздік шараларын күшейтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда салонына 6 жолаушы мінгізген бірнеше таксист ұсталды Атырауда 4 көлік соқтығысып, 1 адам ауруханаға түсті Өскеменде автобус пен жеңіл көлік соқтығысты

«2020 жылдың 25 қаңтарында Алматы қаласының әуежайында «Ыстанбұл — Ухан — Ыстанбұл» бағыты бойынша ұшып бара жатқан TCCJ чартерлік рейсі жанармай толтыру үшін аялдады. Қолда бар ақпарат бойынша бұрын осы бортта коронавирус жұқтырған жолаушы болған. Алматы әкімдігі әуе кемесіне қосымша керосин құю кезінде барлық санитарлық-карантиндік бақылаудың күшейтілген нормаларын сақтап, қажетті шараларды қабылдады. Еліміздегі ірі мегаполистің аумағында коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында керосин құю операциясы жолаушылар мен экипаж мүшелерін эвакуациялаусыз жүзеге асырылды», - деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сонымен бірге, Алматыға Қытайдың 5 қаласынан келетін рейстері ескеріліп, қалалық тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау комитеті департаменті және әуежайдың медициналық қызметі эпидемияға қарсы санитарлық-профилактикалық шараларды жүзеге асыруда. Қазіргі уақытта барлық рейстер ерекше бақылауда.

«Елдегі барлық әуежайлар мен вокзалдарда, әсіресе Қытайдан келетін жолаушыларды өткізу бекеттерінде барлық жолаушылардың, тасымалдаушылардың, экипаж мүшелерінің, бортсеріктердің және басқалардың міндетті жанасусыз термометриясы жүргізіледі. Барлық жолдарда, соның ішінде теміржол, автомобиль жолдарында, Қытаймен шекаралас барлық санитарлық-карантиндік пункттерде де термометрия жүргізілуде. Қолда бар мәліметтер бойынша, әзірге 13 мыңнан астам жолаушы тексерістен өтті. Инфекцияны жұқтыру оқиғасы тіркелмеген», - деп хабарлады әкімдік.

Еске сала кетсек, Қытайда тараған пневмония Тайланд, Еуропа елдері мен АҚШ-та тіркелді. Қазақстан сақтық шарасы ретінде коронавирусты анықтайтын праймерлерді сатып алуды бастады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі елімізде коронавирустық инфекция тіркелмегенін ресми айтты.

Ауруға байланысты Хайнаньдағы туристер тексеріле бастады.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT