Алматыда коронавирус жұқтырған пациент дәрігерге өзі барған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда коронавирус жұқтырған пациенттердің бірі ауруханаға өзі барған. Бұл туралы бүгін қалалық Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасынан мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кеше Алматыда тағы бір адамның жұқтырғаны анықталды. 1986 жылы туған әйел Алматы-Стамбул бағытындағы рейспен 15 наурызда таңғы сағат 6-да келген. Ол арнайы категорияға жатпайтын елден келген соң карантинге жатқызылмады. Кеше алынған қан талдауы оң нәтиже көрсетті», - деді басқарма басшысы Т.Әбілдаев.

Оның айтуынша, әйел тамағы жыбырлап өзін жайсыз сезінген соң қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылған.

«Ол қызбен байланыста болғандардың барлығы анықталып, карантинге жабылды», - дедіол.

Айта кету керек, COVID-19 эпидемиологиялық ахуалы бойынша Қазақстанда жұқтырғандар саны әр сағат сайын өзгеріп жатыр.

Дәл қазіргі уақытта елде ауырғандар саны 32-ге жетті.


Соңғы жаңалықтар