+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Алматыда коронавирус жұқтырған 97 бала емделіп жатыр

2021 жылғы 18 мамыр 10:55
Бөлісіңіз:
Алматыда коронавирус жұқтырған 97 бала емделіп жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 2917 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

18 мамыр күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 520 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 455, симптомсыз – 65 науқас тіркелді.

«Инфекциялық стационарларда 2917 адам бар (төсек-орынның жалпы саны - 6 060), оның ішінде 97 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 197 адам жатыр. Ал 30 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 61 адам ем қабылдауды жалғастыруда.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 3 369 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда 2972 науқас. 397 адамда коронавирус белгілері жоқ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT