Алматыда коронавирус жұқтырған 82 бала ауруханада жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 2098 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

26 қыркүйек күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 485 адам коронавирус жұқтырған.

Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 432, симптомсыз – 53 науқас тіркелді.

Барлық емделіп шыққандар – 72, келіп түскені – 121

«Инфекциялық стационарларда 2 098 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –5230), оның ішінде 82 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 202 адам жатыр.

Ал 39 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 82 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 55 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 4864 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 4702 науқас. 162 адамда коронавирус белгілері жоқ.


Соңғы жаңалықтар