Алматыда коронавирус жұқтырған 77 науқас жансақтау бөлімінде жатыр
16 қараша күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 119 адам коронавирус жұқтырған.
Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 116, симптомсыз – 3 науқас тіркелді.
Барлық емделіп шыққандар – 139, келіп түскені – 61
«Инфекциялық стационарларда 664 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –1774), оның ішінде 16 бала емделуде», – деп нақтылады қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 77 адам жатыр.
Ал 14 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 38 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 17 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 1227 пациент бар.
Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 1163 науқас. 64 адамда коронавирус белгілері жоқ.