+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Алматыда коронавирус жұқтырған 77 бала ауруханада жатыр

2021 жылғы 16 қыркүйек 11:34
Бөлісіңіз:
Алматыда коронавирус жұқтырған 77 бала ауруханада жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 2767 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

15 қыркүйек күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 704 адам коронавирус жұқтырған.

Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 675, симптомсыз – 29 науқас тіркелді.

Барлық емделіп шыққандар – 368, келіп түскені – 264.

«Инфекциялық стационарларда 2 767 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –5230), оның ішінде 77 бала емделіп жатыр», – деп нақтылады қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 277 адам жатыр.

Ал 56 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 123 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 79 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 6 171 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 6 008 науқас. 163 адамда коронавирус белгілері жоқ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT