Алматыда коронавирус жұқтырған 77 адам жансақтау бөлімінде жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда коронавирус жұқтырған 77 адам жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

21 қаңтар күні жағдай бойынша, бір тәулікте қалада 2 179 адам коронавирус жұқтырған.

Барлық емделіп шығарылғандар – 216, келіп түскені – 261.

Инфекциялық стационарларда (3 310 төсек-орын) жалпы саны 1 393 адам (оның ішінде 190 балалар) емделіп жатыр.

Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 77 адам бар.

Ал 13 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 27 адам ем қабылдауды жалғастыруда High flow-да 5 аппарат жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 11 370 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 10 744, симптомсыз 626 науқас бар.


Соңғы жаңалықтар