Алматыда коронавирус жұқтырған 66 бала емделіп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 3 114 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін таңертеңгі ақпарат бойынша 620 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Мұның ішінде 483-і симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен, 137-і симптомсыз ауырған.

«Қазір 7 мың төсек-орынның 5 610 төсек-орны іске қосылған. Бүгінгі күні 3 197 науқас ем қабылдап жатыр. Оның 66-ы бала. Жағдайы аса ауыр науқастар саны - 84, жағдайы ауыр – 602 адам бар. 2511 науқастың жағдайы орташа ауыр», -деп хабарлады басқармадан.

Пандемия басталғалы 29 316 ауруынан айығып ауруханадан шығарылды.

Халық Арена» кешеніндегі мың төсек-орынға аралған стационарда 44 науқас жатыр.

5 сәуір күні 2 960 алматылыққа коронавирусқа қарсы екпе салынды. Жалпы, 1 ақпаннан бастап 47 275 тұрғын «Спутник-V» вакцинасын алды. Оның 8 805 екі компоненті алды.

Айта кетейік, 9 сәуір күні Алматыға коронавирусқа қарсы вакцинаның 57 мың дозасы жеткізіледі.


Соңғы жаңалықтар