Алматыда коронавирус жұқтырған 600-ге жуық науқас ауруханада жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 591 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

22 маусым күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 110 адам коронавирус жұқтырған.

Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 91, симптомсыз – 19 науқас тіркелді.

Барлық емделіп шыққандар – 102, келіп түскені – 28.

«Инфекциялық стационарларда 591 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –1 730 ), оның ішінде 24 бала емделуде», – деп нақтылады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 55 адам жатыр. Ал 13 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 21 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 15 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 940 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда 778 науқас. 162 адамда коронавирус белгілері жоқ.


Соңғы жаңалықтар