Алматыда коронавирус жұқтырған 58 бала емделіп жатыр

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 123 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Гүлжайнат Тілеген мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спикердің сөзінше, бүгін таңертеңгі ақпарат бойынша 200 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Мұның ішінде 193-і симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен, 7-і симптомсыз ауырған.

«Инфекциялық стационарларда 123 науқас ем қабылдап жатыр. Оның 58-ы бала»,- дейді дәрігер.

Сонымен қатар, ол медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 1662 пациент бар екенін атап өтті.

«Оның ішінде 1543 адамда індет белгісі болған, олар орташа ауыр жағдайда. 119 адамда коронавирус белгісі жоқ»,- дейді басқарма өкілі.


Соңғы жаңалықтар