USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Алматыда коронавирус жұқтырған 51 адам жансақтау бөлімінде жатыр

2021 жылғы 24 қараша 12:58
Бөлісіңіз:
Алматыда коронавирус жұқтырған 51 адам жансақтау бөлімінде жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 458 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда коронавирус жұқтырған 154 бала ауруханада жатыр Коронавирустан емделіп жатқан 305 сырқаттың жағдайы ауыр Тағы 12 адам коронавирус пен пневмониядан көз жұмды

23 қараша күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 123 адам коронавирус жұқтырған.

Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 111, симптомсыз – 12 науқас тіркелді.
Барлық емделіп шыққандар – 44, келіп түскені – 52
«Инфекциялық стационарларда 458 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –1774), оның ішінде 24 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 51 адам жатыр.
Ал 14 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 29 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 8 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 976 пациент бар.
Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 930 науқас. 46 адамда коронавирус белгілері жоқ.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT