Алматыда коронавирус жұқтырған 495 медициналық қызметкер үстемақы алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматыда коронавируспен ауырған 495 медициналық қызметкер үстемақы алды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар орталығында өткен онлайн брифингіде ҚР ДСМ тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы қаласы бойынша 1 206 медициналық қызметкер коронавируспен ауырған болатын. Олардың ішінде 495-і үстемақы алды. Жергілікті комиссияның пайымдауы бойынша, 907 медициналық қызметкер осы сырқатты өзінің қызметі барысында жұқтырған. Қызмет бабында жүріп ауру жұқтырып, қаза болған 2 әріптесіміздің отбасына жергілікті комиссияның шешімімен 10 миллион теңге көлемінде үстемақы төленді», - дейді Тимур Сұлтанғазиев.


Соңғы жаңалықтар