+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Алматыда коронавирус жұқтырған 48 науқас тыныс алу аппаратына қосылған

2021 жылғы 23 қыркүйек 10:33
Бөлісіңіз:
Алматыда коронавирус жұқтырған 48 науқас тыныс алу аппаратына қосылған

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 2 263 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Германия Федералды Республикасында халықтың 70% КВИ-ге қарсы екпе салдырды Антирекорд: Ресейде бір тәулікте 1 075 адам коронавирустан көз жұмды Ауғанстанға 28 тонна медициналық жүк жеткізілді

22 қыркүйек күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 549 адам коронавирус жұқтырған.

Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 508, симптомсыз – 41 науқас тіркелді.

Барлық емделіп шыққандар – 265, келіп түскені – 208.

«Инфекциялық стационарларда 2 263 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –5230), оның ішінде 102 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 231 адам жатыр.

Ал 48 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 95 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 66 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 5085 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 4944 науқас. 141 адамда коронавирус белгілері жоқ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT