Алматыда коронавирус жұқтырған 43 науқас жансақтау бөлімінде жатыр
29 қараша күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 34 адам коронавирус жұқтырған.
Барлық емделіп шыққандар – 73, келіп түскені – 42
Инфекциялық стационарларда 393 адам бар (төсек-орынның жалпы саны - 1434), оның ішінде 23 бала емделіп жатыр», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 43 адам жатыр.
Ал 10 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 21 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 8 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 789 пациент бар.
Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 755 науқас. 34 адамда коронавирус белгілері жоқ.