Алматыда коронавирус жұқтырған 4 мыңнан астам адам ауруханада жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 4 014 науқас емделіп жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін таңертеңгі ақпарат бойынша 665 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Мұның ішінде 588-і симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен, 77 -і симптомсыз.

«Инфекциялық стационарларда 4 014 адам бар (төсек-орынның жалпы саны 6 060), оның ішінде 110 бала емделуде. 896 ересек адам ауыр хәлде жатыр, 3 118 науқас орташа ауыр жағдайда ем қабылдауда», – деп нақтылады қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 245 адам жатыр. Ал 22 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылып, инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 88 адам ем қабылдауды жалғастыруда.

Медицина-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадалары мен телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 6 246 пациент бар. Оның ішінде 5 475 адамда ауру белгілері бар, олар орташа ауыр жағдайда. 771 адамда ауру белгілері жоқ.


Соңғы жаңалықтар