Алматыда коронавирус жұқтырған 39 науқас тыныс алу аппаратына қосылған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 1466 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

8 қазан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 412 адам коронавирус жұқтырған.

Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 400, симптомсыз – 12 науқас тіркелді.

Барлық емделіп шыққандар – 138, келіп түскені – 139.

«Инфекциялық стационарларда 1 466 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –3 179), оның ішінде 56 бала емделуде», – деп нақтылады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 162 адам жатыр.

Ал 39 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 73 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 36 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 3 461 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 3 352 науқас.

136 адамда коронавирус белгілері жоқ.


Соңғы жаңалықтар