Алматыда коронавирус жұқтырған 388 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 4 435 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

5 қыркүйек күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 1 085 адам коронавирус жұқтырған.

Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 1050, симптомсыз – 35 науқас тіркелді.

Барлық емделіп шыққандар – 156 , келіп түскені – 273.

«Инфекциялық стационарларда 4435 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –8 910 ), оның ішінде 122 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 388 адам жатыр.

Ал 56 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 150 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 192 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 8 640 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда –8 382 науқас. 258 адамда коронавирус белгілері жоқ.


Соңғы жаңалықтар