Алматыда коронавирус жұқтырған 35 жастағы пациент Ыстанбұлдан ұшып келген

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус шыққан пациенттердің бірі Ыстанбұлдан ұшып келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Coronavirus2020.kz мәліметінше, 1985 жылы дүниеге келген бірінші пациент 19 наурыз күні Ыстанбұл-Алматы рейсімен ұшып келген. Ал екіншісі бұған дейін Мәскеу-Алматы рейсімен келген, коронавирус анықталған пациентпен байланыста болған. Қазіргі уақытта пациенттердің денсаулығы қанағаттанарлық жағдайда.

Бүгінде қаланың клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында 29 пациент жатыр. Екі науқастың жағдайы орташа ауыр. Олардың ішінде бір балада оң өзгерістер байқалады. Ал қалған науқастардың жағдайы бірқалыпты.

Қазіргі уақытта провизорлық госпитальдерде - 672 адам, карантинде - 598 адам, үй карантинінде - 1 549 адам жатыр. Карантинде жатқан жатқан адамдардың дене қызуы норма шегінде, катаралды ауытқулар жоқ.


Соңғы жаңалықтар