+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Алматыда коронавирус жұқтырған 35 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған

2021 жылғы 5 мамыр 10:31
Бөлісіңіз:
Алматыда коронавирус жұқтырған 35 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 3475 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы ХҚО-лары азаматтарды Ashyq қосымшасы арқылы қабылдайды Вакцинаның бірінші дозасын алған адам аурып қалса, екінішісін алты айдан кейін салдырады - эпидемиолог Алматыда полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылды

5 мамыр күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 645 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен - 553, симптомсыз – 92 науқас тіркелді.

«Инфекциялық стационарларда 3475 адам бар (төсек-орынның жалпы саны - 6 060), оның ішінде 95 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 236 адам жатыр. Ал 35 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 60 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 90 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 4830 пациент бар. Оның ішінде 4240 адамда індет белгілері болған, олар орташа ауыр жағдайда. 590 адамда коронавирус белгілері жоқ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT