Алматыда коронавирус жұқтырған 34 науқас тыныс алу аппаратына қосылған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 1 797 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

3 қазан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 429 адам коронавирус жұқтырған.
Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 407, симптомсыз – 22 науқас тіркелді.
Барлық емделіп шыққандар – 29, келіп түскені – 124
«Инфекциялық стационарларда 1 797 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –3 179), оның ішінде 75 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 174 адам жатыр.
Ал 34 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 89 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 41 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 4 073 пациент бар.
Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 3916 науқас. 157 адамда коронавирус белгілері жоқ.


Соңғы жаңалықтар