Алматыда коронавирус жұқтырған 34 бала емделіп жатыр
«25 маусым күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 217 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 186, симптомсыз – 31 науқас тіркелді.
Барлық емделіп шығарылғандар – 66, келіп түскені – 75.
Инфекциялық стационарларда 634 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –1 730 ), оның ішінде 34 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 47 адам жатыр. Ал 14 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 18 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 17 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 1117 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда 940 науқас. 177 адамда коронавирус белгілері жоқ.