Алматыда коронавирус жұқтырған 33 жолаушы рейстен түсірілген

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда коронавирус табылған 33 жолаушы әуе рейсінен алынды. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қалалық бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«8 қазаннан бері әуе бортынан 33 адам түсірілді. Осының арқасында аурудың таралу ықтималдығы сейілді. Олардың барлығы оқшауланған. Сондай-ақ 5000 адам анықтамасыз ұшқан. Олар тексеруден өтіп, тест қорытындысы теріс нәтиже көрсеткен соң ғана жіберілді», - деді Ж.Бекшин.

Оның айтуынша, көбіне курорттық аймақтарда демалып келгендер вирус әкеліп жатыр.

«Басқа елге барудан бас тарта тұруды өтінемін. Үйде отырыңыздар. Бізде қазір шетелге қарағанда ауру көрсеткіші төмен болып тұр», - деді Ж.Бекшин.

Соңғы жаңалықтар