Алматыда коронавирус жұқтырған 3,3 мың адам ауруханада жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 3399 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

7 мамыр күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 646 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен - 600, симптомсыз – 46 науқас тіркелді.

«Инфекциялық стационарларда 3 399адам бар (төсек-орынның жалпы саны - 6 060), оның ішінде 106 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 234 адам жатыр. Ал 32 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 69 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 94 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 4 659 пациент бар. Оның ішінде 4 046 адамда індет белгілері болған, олар орташа ауыр жағдайда. 613 адамда коронавирус белгілері жоқ.


Соңғы жаңалықтар