Алматыда коронавирус жұқтырған 29 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 138 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

20 желтоқсан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 31 адам коронавирус жұқтырған.

Барлық емделіп шыққандар –34, келіп түскені – 5.

Инфекциялық стационарларда 138 адам бар. (Төсек-орын 1 104) Оның ішінде 6 бала емделіп жатыр», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 29 адам жатыр.

Ал 5 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 8 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 5 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 271 пациент бар.

Оның ішінде вирус белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 254 науқас. 17 адамда коронавирус белгілері жоқ.


Соңғы жаңалықтар