Алматыда коронавирус жұқтырған 28 бала емделіп жатыр
14 маусым күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 65 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 52, симптомсыз –7 науқас тіркелді.
Барлық емделіп шығарылғандар – 127, келіп түскені – 26.
Инфекциялық стационарларда 724 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –1 730 ), оның ішінде 28 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 60 адам жатыр. Ал 8 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 25 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 23 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 1 075 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда 868 науқас. 207 адамда коронавирус белгілері жоқ.