USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Алматыда коронавирус жұқтырған 257 мың адам ауруханада жатыр

2021 жылғы 7 желтоқсан 11:26
Бөлісіңіз:
Алматыда коронавирус жұқтырған 257 мың адам ауруханада жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 257 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда 124 мың сырқат коронавирустан емделіп жатыр Соңғы екі жылда пневмониядан 5 246 адам қайтыс болған Қазақстанда үш мегаполис пен 13 облыс «қызыл» аймақта тұр

6 желтоқсан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 46 адам коронавирус жұқтырған. Барлық емделіп шыққандар –45, келіп түскені – 23. Инфекциялық стационарларда 257 адам бар (төсек-орынның жалпы саны - 1 434), оның ішінде 6 бала емделіп жатыр», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 35 адам жатыр. Ал 10 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 11 адам ем қабылдауды жалғастыруда.

High flow-да 6 аппарат жұмыс істейді. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 570 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 555 науқас. 15 адамда коронавирус белгісі жоқ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT