Алматыда коронавирус жұқтырған 25 науқас тыныс алу аппаратына қосылған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 2739 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

19 мамыр күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 534 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 474, симптомсыз – 60 науқас тіркелді.

Барлық емделіп шығарылғандар – 304, келіп түскені – 214.

Инфекциялық стационарларда 2 739 адам бар (төсек-орынның жалпы саны - 6 060), оның ішінде 97 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 192 адам жатыр. Ал 25 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 59 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 73 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 3 042 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда 2681 науқас. 361 адамда коронавирус белгілері жоқ.


Соңғы жаңалықтар