АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 243 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
7 желтоқсан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 54 адам коронавирус жұқтырған.
Барлық емделіп шыққандар – 41, келіп түскені – 30 сырқат.
«Инфекциялық стационарларда 243 адам бар (төсек-орынның жалпы саны - 1434), оның ішінде 4 бала емделіп жатыр», – деп нақтылады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 38 адам жатыр.
Ал 9 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 13 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 7 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 518 пациент бар.
Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 504 науқас. 14 адамда коронавирус белгілері жоқ.