USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Алматыда коронавирус жұқтырған 24 бала емделіп жатыр

2021 жылғы 28 қазан 12:33
Бөлісіңіз:
Алматыда коронавирус жұқтырған 24 бала емделіп жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 1052 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысында коронавируспен ауырғандар саны 6 мыңнан асты ШҚО-ға «Спутник Лайт» вакцинасының 21 мың дозасы жеткізілді Қазақстанда кәсіпкерлер үшін карантин талаптары жеңілдетілді

27 қазан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 226 адам коронавирус жұқтырған.

Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 219, симптомсыз – 7 науқас тіркелді.

Барлық емделіп шыққандар – 115, келіп түскені – 119

«Инфекциялық стационарларда 1 052 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –2334), оның ішінде 24 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 107 адам жатыр.

Ал 23 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 51 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр. High flow-да 28 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 2 369 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 2275 науқас. 94 адамда коронавирус белгілері жоқ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT