+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Алматыда коронавирус жұқтырған 24 бала емделіп жатыр

2021 жылғы 21 маусым 13:56
Бөлісіңіз:
Алматыда коронавирус жұқтырған 24 бала емделіп жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 665 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысында вакцина салдырғандар саны 135 мыңнан асты Елордада балалар коронавируспен жиі ауыра бастады - инфекционист дəрігері Қарағандыда КВИ жұқтырып, өкпесінің 60% зақымданған жүкті әйел дені сау бала босанды

21 маусым күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 115 адам коронавирус жұқтырған.

Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 101, симптомсыз – 14 науқас тіркелді.

Барлық емделіп шығарылғандар – 12, келіп түскені – 38.

Инфекциялық стационарларда 665 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –1 730 ), оның ішінде 24 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 56 адам жатыр. Ал 10 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 19 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 17 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 981 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда 793 науқас. 188 адамда коронавирус белгілері жоқ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT