Алматыда коронавирус жұқтырған 19 бала емделіп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 656 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

18 қараша күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 123 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгімен – 115, симптомсыз – 8 науқас тіркелді. Емделіп шыққандар саны – 95, келіп түскені – 76.

«Инфекциялық стационарларда 656 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –1 774), оның ішінде 19 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 82 адам жатыр. Ал 20 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 45 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 11 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 1 151 пациент бар. Оның ішінде 1 085 науқаста індет белгісі бар, орташа ауыр жағдайдағы 66 адамда коронавирус белгілері жоқ.


Соңғы жаңалықтар