Алматыда коронавирус жұқтырған 150-ге жуық бала емделіп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 1 094 адам емделіп жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

16 қаңтардағы жағдай бойынша 1 578 адам коронавирус жұқтырған, оның 1 360 - симптом белгілерімен және 218 - симптомсыз.

Барлық емделіп шыққандар – 56, келіп түскені – 171.

«Инфекциялық стационарларда (2 380 төсек-орын) жалпы 1 094 адам, оның ішінде 149 бала емделіп жатыр. Жалпы реанимация мен қарқынды терапия бөлімшесінде – 57 адам» деп нақтылады басқармадан.

15 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында – 16 адам ем қабылдап жатыр, High flow-да 10 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 5 413 пациент бар.

Оның ішінде жеңіл және орташа ауыр дәрежеде - 5132, симптомсыз - 281 науқас бар.


Соңғы жаңалықтар