Алматыда коронавирус жұқтырған 143 бала емделіп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 1 724 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

11 шілде күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 638 адам коронавирус жұқтырған.

Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 576, симптомсыз – 62 науқас тіркелді.

Барлық емделіп шыққандар – 35, келіп түскені – 206.

«Инфекциялық стационарларда 1 724 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –3 700 ), оның ішінде 143 бала емделуде», – деп нақтылады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 121 адам жатыр. Ал 17 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 54 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 42 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 3 255 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда - 2932 науқас. 323 адамда коронавирус белгілері жоқ.


Соңғы жаңалықтар