+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Алматыда коронавирус жұқтырған 133 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

2021 жылғы 21 қазан 15:20
Бөлісіңіз:
Алматыда коронавирус жұқтырған 133 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 1201 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда «Жамбыл жырау» операсының премьерасы өтті Архимед Мұхамбетов: Медицина ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жақсарттық Алматыда «Қазақ-қырғыз – Алаштан» атты халықаралық ғылыми конференция өтіп жатыр

20 қазан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 309 адам коронавирус жұқтырған.

Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 294, симптомсыз – 15 науқас тіркелді.

Барлық емделіп шыққандар – 147, келіп түскені – 99

«Инфекциялық стационарларда 1 201 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –3179), оның ішінде 32 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 133 адам жатыр.

Ал 28 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 71 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 22 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 2 668 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 2566 науқас. 102 адамда коронавирус белгілері жоқ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT