Алматыда коронавирус жұқтырған 132 науқас ілеспе диагноздан қайтыс болған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 132 науқас ілеспе диагноздардан қайтыс болған. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жыл басынан бері Алматының патологоанатомиялық бюросына қала стационарларынан коронавирус инфекциясынан қайтыс болған ПТР-тест расталған – 278. ПТР-тест расталмаған 38 адам жеткізілген.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіше, корононавирус жұқтырған 132 науқас созылмалы аурулардан қайтыс болған.

«Бірінші орында – қан айналымы жүйесінің аурулары – 64%. Екінші орында – қатерлі ісік – 10%, үшінші орында – ас қорыту органдарының аурулары, олардың үлесі – 6%, төртінші орында – тыныс алу органдарының аурулары (5%), бесінші орында – жүйке және эндокриндік жүйенің аурулары - 4%, одан әрі несеп-жыныс жүйесінің аурулары, басқа да инфекциялық аурулар бар», - деп хабарлады басқармадан.

Нозологиялық құрылымда расталмаған адамдардың (27) негізгі үлесін – 78% қан айналымы жүйесінің аурулары, екінші орында - 11% тыныс алу органдарының аурулары, үшінші орында - 7% неоплазмалар, төртінші орында 4% эндокриндік аурулар. Бұл санаттағы диагноз аутопсия үшін 2 жағдайда да расталады.

Патологоанатомиялық аутопсия жүргізілмеген жағдайларда пациенттің өліміне әкеп соққан диагноз медициналық құжаттама негізінде ақпараттық жүйелерге енгізіледі. Бұл ретте емдеуші дәрігер пациенттің шағымдарын, анамнезді, клиникалық симптомдарды, жүргізілген зертханалық және аспаптық зерттеулерді ескере отырып диагноз қояды.

Соңғы жаңалықтар