Алматыда коронавирус жұқтырған 130 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 1 201 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

21 қазан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 292 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 273, симптомсыз – 19 науқас тіркелді. Барлық емделіп шыққандар – 123, келіп түскені – 136.

«Инфекциялық стационарларда 1 201 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –2 334), оның ішінде 34 бала емделуде», – деп нақтылады.

Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен. Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 130 адам жатыр. Ал 26 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 77 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 19 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 2 691 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 2 591 науқас. 100 адамда коронавирус белгілері жоқ.


Соңғы жаңалықтар