Алматыда коронавирус жұқтырған 12 жасар қыздың жағдайы қалай

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы дәрігерлері коронавирус жұқтырған 12 жасар қыздың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының хабарлауынша, қазір қалада 7 адамда коронавирус жұқпасы бар екені зертханалық жолмен расталған.

«6 пациент ересектерге арналған жұқпалы аурулар ауруханасында оқшауланған. Алматыға Германиядан келген 2008 жылы туған қыз борттан түсіріліп, балалар жұқпалы ауруханасында бөлек боксқа жатқызылды. Қазір оның жағдайы бірқалыпты. Бортта экипажды қосқанда 12 адам болған. Олардың барлығы оқшауланып арнайы талдау алынды. 7 пациенттің барлығы ДДС ұйымының протоколы бойынша ем қабылдап жатыр. Науқастармен байланыста болған азаматтардың барлығы провизорлық стационарларға 14 күндік карантинге жатқызылды», - деді басқармадан.

Жалпы бүгінгі күні Алматы қаласында 676 адам карантинде жатыр.

Алматы қаласының әкімдігі барлық азаматтарды, әсіресе, үй карантиніндегілерді осы жағдайда өзінің және басқалардың денсаулығы үшін барынша жауапкершілікпен қарап, санитарлық-гигиеналық ережелерді ұстануға, ауру белгілері байқалған жағдайда өзін-өзі оқшаулауға шақырады. Үй карантинінде жатқандар оқшаулану мерзіміне шыдауы керек.

Коронавирус инфекциясы таралмас үшін төмендегі ережелерді ұстану қажет:

- Қолды жиі жуу және антисептик құралдарды пайдалану. Қолды сабынды пайдаланып әрбір жарты сағат сайын 20 секунд бойы жуу қажет. Егер жақын жерде қол жуатын шұңғылша, сабын болмаса, микробтарды өлтіруге әдеттегі антисептик көмектеседі. Дәріханадан сатып алынған кәдімгі спирт те болады. Егер оған аллергия болса, санитайзерді пайдаланыңыз.

- Бөлмені жиі желдетіңіз.

- Қоғамдық орындарға шығуды шектеу қажет.

- ЖРВИ мен тұмауға, денедегі әлсіздік, құрғақ жөтелге күдікті кезде емханадан дәрігер шақырту немесе жәрдем шақырту және маска тағу қажет.

- Қол алысуды және басқа да жақын қарым-қатынасты болдырмау.

- Иммунитетті нығайту.

Анықтама үшін тәулік бойы 1406 нөмірі бойынша Call-орталық жұмыс істейді.

Ресми ақпарат Алматы қаласы әкімдігінің сайтында және әлеуметтік желілерінің ресми парақшаларында қолжетімді. Қосымша ақпарат Stopcov ALMATY Telegram парақш асында жарияланып отырады.


Соңғы жаңалықтар