Алматыда коронавирус жұқтырған 115 бала ауруханада жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 3 134 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

17 мамыр күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 549 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 476, симптомсыз – 73 науқас тіркелді.

Барлық емделіп шығарылғандар – 60, келіп түскені – 163.

«Инфекциялық стационарларда 3 134адам бар (төсек-орынның жалпы саны - 6 060), оның ішінде 115 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 226 адам жатыр. Ал 35 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 61 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 81 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 3 618 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда 3183 науқас. 435 адамда коронавирус белгілері жоқ.


Соңғы жаңалықтар