Алматыда коронавирус жұқтырған 108 бала ауруханада жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 3 399 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

10 мамырдағы ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 430 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен - 401, симптомсыз – 29 науқас тіркелді.

«Инфекциялық стационарларда 3 516 адам бар (төсек-орынның жалпы саны - 6 060), оның ішінде 108 бала емделіп жатыр», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 231 адам жатыр. Ал 33 науқас жасанды тыныс беру аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 67 адам ем қабылдауды жалғастыруда. 91 өкпені жасанды желдету аппараты жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадалардың және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 4 274 пациент бар. Оның ішінде 3722 адамда індет белгісі болған, олар орташа ауыр жағдайда. 552 адамда коронавирус белгісі жоқ.


Соңғы жаңалықтар